Экспорт деген не? Экспорттаушы деген не? Қазақстан экспорты

Экспорт деген не?

Экспорт деген не? Экспорт дегеніміз тауар не қызметті шет елдерге сату, шығару, ұсыну. Мысалы Қазақстан жыл сайын миллиондаған тонна мұнайды шетелдік нарықтарға сатады. Мысалы Батыс Еуропа елдерді Қазақстандық мұнайды сатып алады.

Экспорт қазақша латын тілінен порттан шығару деп аударылады. Дамыған мемлекеттер экспорттың зор болуымен сипатталады. Себебі олар шетелге тауарларын сатып байып жатады. Экономикасы өркендеп, халқы көркейіп жатыр. Экспортқа қоса импорт та бар. Импорт тауарды сырттан әкелу.

Қазақстан экспорты

Тауар мен қызметтерді шетелге жіберуші компанияны экспорттаушы деп атайды. Қазақстан шетелге негізінен мұнай, газ, мыс, алтын сияқты пайдалы қазбаларды экспорттайды.

Шикізат көздерін санамасақ ұн мен бидай көп мөлшерде сыртқы нарықтарда сатылады. Күнбағыс майы, сүт, ет, жүгері және басқа ауыл шаруашылық өнімдер де сатылады.

Сонымен тауарларды бір елден екінші елге шығаруды не деп атайды деп біреу сұраса экспорт деп айтыныз. Нарықтық, дамыған елдерге тән құбылыс ол халықаралық байланыстардың зор болуында. Мысалы телефонның экраның бір елде, процессорын екінші елде, платаларын үшінші елде шығарып бір жерге жинап құрастырады. Көлік жасау, тұрмыстық техника жасау сияқты кұрделі салалардың барлығында дерлік халықаралық, экспорттық байланыстар басым.

Дамыған елдерге қосылу үшін экспортты ұлғайту керек

Ел даму үшін сыртқы нарықтарға сапалы тауарлар мен қызметтерді сату керек. Яғни көп мөлшерде экспорт бар болу керек. Әйтпесе ел кедейленіп кетеді. Бар үмітті шикізатқа арту дұрыс емес. Шикізатты сатудан бөлек шетелдік нарықтарға сапасы жоғары бағасы төмен тауарларды ұсыну керек. Мысал Біріккен Араб Әмірліктері сияқты. Олар алғашында мұнай мен газдан пайда көріп күн көрген.

Кейін мұнай мен газдан алған қаржыны ұрламай ел экономикасына құйды. Талай ғимараттар мен зауыттарды салып шикізаттық емес салаларды дамытты, мысалы туризм мен жылжымайтын мүлік саласын. Олар шетелге тауар сатумен қатар арзан несиелерді де экспорттайды. Шетелге несие беру де экспорт боп табылады.

Шетелге тауар шығару дегеніміз шетелден пайда табу дегені. Қазақстанның ішкі нарығы шағын. Соңдықтан дамыған елдердің қатарына қосылу үшін сыртқы нарықтарға көп мөлшерде тауар сату және қызмет ұсыну керек.

Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы