Банк дегеніміз не
Банк дегеніміз халық пен заңды тұлғаларға қаржылық қызметтерді коммерциялық (пайда табу үшін) негізде көрсететің мекеме. Бұндай қызметтер ретінде — депозит, кредит, құнды қағаздарды сату және сатып алу, лизинг тәрізді қызметтерді атауға болады.
Банктер Қазақстанда екі негізгі топқа бөлінеді — Ұлттық Банк және екінші деңгейдегі коммерциялық банктер.
Ұлттық банк
Қазақстанның Ұлттық банкі тлығымен мемлекет иелігінде. Осы банктің негізгі қызметі коммерциялық банктер мен өзге қаржылық мекемелердің жұмысын қадағалау. Оған қоса Ұлттық банк — ақша шығару, инфляция, сияқты жұмыстарды қадағалайды.
Екінші деңгейдегі банктер
Екінші деңгейдегі банктердің негізгі қызметі өз иелеріне неғұрлым көп пайда табу. Бұл үшін, Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің барлығы делік халық пен заңды тұлғалардан депозит алып кредит береді. Қазақстандағы ең ірі екінші деңгейдегі банктердің көбі акционерлік қоғам ретінде құрылған.
Санат: Қаржы ғылымы нені зерттейді
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы