Инфляция деген не
Инфляция дегеніміз тауарлар мен қызметтердің жалпы бағасының бір жыл ішінде өзгеруін сипаттайтын шама.
Мысалы бір литр сүттің орташа бағасы 2013 жылы 200 тенге ал 2014 жылы 210 тенге болды дейік. Осы тауадың бағасы бір жыл ішінде 10 тенгеге өзгерді, бұны инфляция дейді.
Экономикада өндірілетің тауарлар мен қызметтердің барлығының бағалары жыл сайын өзгеріп тұрады!
Инфляция мөлшерің мына формуламен есептейді:
Инфляция мөлшері = (Екінші жылғы бағалар / Бірінші жылғы бағалар — 1 ) * 100
Мысалы жоғарыдағы сүттің инфляцисын есептейік:
Инфляция мөлшері = (210/200-1 )*100 = (1 + 10/200-1)*100 = 10/200*100 = 10/2 = 5%.
Қазақстанда 2012 жылы инфляция мөлшері 6% процент болды, бұны біз Қазақстанда сатылатын тауарлар мен қызметтердің орташа бағасы бір жыл ішінде (2012 жыл аралығында) 6% өсті деп түсініуіміз керек.
Әдетте барлық экономикаларда тауарлар мен қызметтердің орташа бағалары жыл сайын өсіп тұрады. Сондықтан негізінен инфляция оң сан болып тұрады.
Бірақ кейде экономикада тауарлар мен қызметтердің орташа бағалары өспей, кемиді. Бұны дефляция деп атайды.
Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы