Бюджет дегеніміз не
Бюджет дегеніміз мемлекеттің (компанияның, отбасының) бір жылға (кез келген уақытқа) белгіленген шығындар мен кірістердің жобасы.
Бюджет екі бөліктен құралады — болжанған шығындар мен болжанған кірістерден.
Бюджеттің шығындары
Мемлекеттің бюджетінің шығындары — деңсаулықты сақтау, әскер, білім-ғылым, экология, тағы сол сияқты салаларды қамтиды. Осы салаларға бюджеттен жұмсалған қаржы бюджеттің шығындарын қамтиды.
Бюджеттің кірістері
Мемлекетке төленетің салық, мемлекет кірісінің негізгі бөлігі болады. Салықтан басқа, шикізатты сату, мемлекеттің иелігіндегі компанияларды сату сияқты операциялардан түскен пайданы мемлекеттің бюджетінің кірістеріне жатқызуға болады.
Әдетте, мемлекет бюджетінің шығындары кірістеріне тең болатындай етіп жоспарланады. Бірақ бюджетте белгіленген уақыт өткенде, шығындар кірістерден не кірістер шығындардан біраз артық болады (әдетте аутықу 1-5 % аспайды).
Өйткені мемлекет деңгейінде барлық шығындар мен кірістерді алдың-ала болжау әзірше мүмкін емес.
Санат: Қаржы ғылымы нені зерттейді
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы