Бостон консалтинг тобының моделі
Бостон консалтинг тобының моделі компанияның ресурстарың тиімді басқаруға және компанияның өнімдерің баланстауға арналған әдіс.
Осы модель ірі компанияның құрамында әртүрлі бағытта жұмыс істейтің бірнеше бөлімшелері бар деп тұжырымдалады. Әрбір бөлімше өз тауарың шығарады.
Бөлімшенің MR1 салыстырмалы нарықтық үлесі деп, бөлімшенің нарықтық M1 үлесің, осы бөлімшеге бәсекелес басқа компанияның (осы салада ең үлкен үлеске ие бәсекелес компанияның) M2 нарықтық үлесінің бөлімдісіне тең шама:
MR1 = M1/M2
MR1 > 1 болса, онда компанияның салыстырмалы нарықтық үлесі жоғары, яғни команияның нарықтағы үлесі өзге бәсекелестердің үлестерінең артық болса. Ал MR1 < 1 болса, онда компанияның салыстырмалы нарықтық үлесі төмен деп есептелінеді.
Жазықтықтың горизонталь өсің компаниялардың салыстырмалы нарықтық үлестері етіп, ал вертикаль өсті саланың өсу темпі етіп бекітейік:
Әрбір өсті мәні жоғарғы (high) және аз (low) деп екіге бөлейік, сонда бізде төрт облыс пайда болады. Әрбір компанияның орналасуына байланысты мынандай классификация қолданылады:
«Жұлдыздар»
Саланың өсімі жоғары және саладағы салыстырмалы нарықтық үлесі басым компанияларды «жұлдыздар» деп атайды. Осындай компаниялар көп пайда әкеледі және өсімді қамтамасыз ету үшін қаржыны көп қажет етеді.
«Жұлдыз» дәрежесіндегі компания нарықтағы үлесің арттыруды я болмаса тұрақты деңгейде ұстап тұруы қажет.
«Сиырлар»
Саланың өсімі төмен, бірақ саладағы салыстырмалы нарықтық үлесі басым компанияларды «сиырлар» дейді. Саланың өсімі аз болғандықтан, осы дәрежедегі компанияларға нарықтағы үлесің сақтау үшін қосымша қаржы аз жұмсалады. Яғни компания көп пайда әкеп тұрады.
Бостон консалтинг тобының моделі бұндай компанияларға нарықтағы үлесің сақтап тұруды нұсқайды.
«Иттер»
Саланың өсімі де, салыстырмалы нарықтық үлесі де аз компанияларды «иттер» деп атайды. Осы жағдайда компания нарықтағы үлесің азайту қажет, я болмаса бұл нарықтан шығу қажет.
«Сұрақ болгісі»
Ал саланың өсімі жоғары, бірақ салыстырмалы нарықтық үлесі аз компанияларды «сұрақ белгісі» дейді. Бұл жағдайда Бостонның консалтинг тобының моделі бұндай компанияларға осы нарықтан кетуді не нарықтағы үлесің арттыруды нұсқайды.
Санат: Маркетинг деген не
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы