Ақша дегеніміз не
Ақша дегеніміз басқа тауарларға емін-еркін айырбасталынатын қасиеті бар тауар.
Ақшаның негізгі қасиеттері
1. Тауарлардың құндылығынын өлшем бірлігі ретінде. Экономикада ақша көмегімен әрбір тауардың құндылығы аңықталады.
2. Айырбастау құралы ретінде. Ақшаның көмегімен тауарлардың айналуы жүзеге асырылады.
3. Қор жинау құралы ретінде. Ақшаның көмегімен адамдар қор жинай алады.
4. Төлем құралы ретінде. Ақша төлем құралы ретінде пайдалына алады.
Ақшаның пайда болу тарихы
Көне заманда ақша ретінде әртүрлі пайдалы не бағалы заттар қолданылды. Мысалы көшпелі қазақ халқы, тиын тенгелер болмаған заманда, ақша бірлігі ретінде қойларды пайдаланған. Басқа елдерде ақша құралы ретінде — тұз, металлдар, қыш, жібек т.с.с заттар пайдалынған. Кейін барлық елдерде ақша ретінде бағалы металлдардан жасалған тиындар пайдалына бастаған.
Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы