Инвестиция деген не
Инвестиция дегеніміз пайда алу мақсатында жұмсалған капитал (қаржы, ақша).
Мысалы Қазақстан Республикасының өкіметі 2015 жылы өңірлердегі талай зауыттарды салуға жүздеген миллиард тенге жұмсады. Бұл қаржы инвестиция бола ала ма? Бола алады, өйткені бұл зауыттар салынғаннан кейін пайда әкеледі де жұмсалған қаржы бірнеше рет қайтарылады.
Инвестициялар екі түрге бөлінеді — сыртқы (шетелдік) және ішкі (отандық).
Шетелдік инвестицияларды сырттан мемлекеттке, ал ішкі инвестициялар мемлекеттің ішкі компаниялары мен жеке инвесторлары құяды.
Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы