Коммерциялық компаниялардың жалпы қаржылық сипаттамасы

Коммерциялық компаниялардың жалпы қаржылық сипаттамасы

Корпоративтік қаржының басым бөлігі коммерциялық компанияларға тиесілі, коммерциялық емес компаниялардың қаржысының үлесі шамалы.

Коммерциялық компаниялардың негізгі мақсаты пайда табу. Пайдаға экономикада сұранысқа ие тауарлар мен қызметтерді өндіре отырып қана қол жетуге болады. Бұл үшін коммерциялық компаниялар өзара экономикалық қатынастарды орнатады.

Коммерциялық компаниялардың қаржысы пайданы табу мақсатында құралған экономикалық қатынастар боп табылады.

Коммерциялық компания тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін құрал-саймандар, станоктар, ғимараттар тағы сол сияқтылары қажет. Бұл заттар компанияның негізгі құралдары деп аталады.

Санат: Қаржы ғылымы нені зерттейді
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы