Ұсыныс және ұсыныс заңы
Нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтердің бағалары жиі өзгереді, бағалардың өзгеруімен қатар сатылған тауарлардың жалпы мөлшерлері де өзгеріп тұрады.
Мысалы сиыр етінің бір килограмының бағасы — бірінші күні 1010 тенге, екінші күні 1090 тенге ал үшінші күні 1163 тенге болды дейік.
Осы бағаларға сәйкес сиыр етінің сатушылар ұсынған жалпы мөлшерлері мынандай болсын: 1 күні 130 кг, 2 күні 143 кг ал 3 күні 167 кг.
Бұны кесте арқылы көрсетуге болады:
баға (тг) | 1010 | 1090 | 1163 |
сатылымға ұсынылған еттің мөлшері (кг) | 130 | 143 | 167 |
Ұсыныстың аңықтамасы
Ұсыныс дегеніміз тауардың бағасын тауардың сатылымдарымен байланыстыратын тәуелділік. Ұсыныс мөлшері дегеніміз тауардын бағасы белгілі мәнге ие болғандағы сатушылар сатуға дайын тауарлардың жалпы мөлшері.
Әдетте сұранысты график түрінде келтіреді:
P — мұндағы баға ал Q — ұсыныс мөлшері.
Ұсыныс заңы
Сыртқы жағдайлар бірдей болғанда тауардың бағасы мен ұсыныс мөлшері бірдей өседі не бірдей кемиді.
Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы