Маркетинг деген не
Нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіретің мекемелер — коммерциялық компаниялар, және бұл өнімді (тауарлар мен қызметтерді) тұтынатың тұтынушылар бар болады.
Маркетинг дегеніміз коммерциялық компанияның тауарлары мен қызметтерің тұтынушыларға, компания үшін, тиімді сатылуын жүзеге асыратын іс-әрекеттердің жиынтығы.
Яғни маркетингтің негізгі мақсаты коммерциялық компанияның пайдасын арттыру.
Маркетингтің негізгі ұғымдары
Мұқтаждық — әрбір адамның ас ішу, киім кию, білім алу, т.с.с мұқтаждықтары бар болады.
Қажеттілік — мұқтаждықтын конкретизациясы. Мысалы аштық — мұқтаждық, ал беспармақ жеу ниеті — қажеттілік болады.
Тауар — адамдардың қажеттіліктерін өтей алатын және айырбастауға не сатылуға ұсынылған материалды не материалды емес объект. Мысалы дүкендерде сатылатын — қаламсап, дәптер, нан, компьютер және тағы сол сияқтылары тауар болады.
Әдетте материалды емес тауарларды қызмет деп атайды. Мысалы шаш алу, заңгерден кеңес алу, дәрігерге қаралу қызмет болады.
Сатылымдардың қабілеттілігі — адамның тауарды сатып алуға қажетті ресурстардың мөлшері. Яғни адамның тауарды сатып алуға ақшасының (не өзге ресурстарының) бар не жоқ болуы.
Тауар алмасу — тұтынушылар арасындағы, тауарларды, қажеттіліктеріне қарай, бір-бірімен айырбасталуы.
Тауарды ақшаға сату тауар алмасудың бір түрі болады.
Нарық — екі түрлі мағынаға ие, бірі тауар алмасатын жер (реалды не виртуалды), екіншісі сатып алушылардын жалпы жиынтығының атауы.
Пайда — тауарды сатқаннан түскен және тауарды өндіруге жұмсалған қаржының айырмасы.
Бәсекелестер — бір қажеттілікті өтеуге ұсынған тауарлары бар және бір ортақ нарықта жұмыс істейтің компаниялар.