Жарнама дегеніміз не
Жарнама дегеніміз тауарлар мен қызметтердің сатылуын арттыру үшін қолданылатың іс-әрекеттер. Жарнаманың көмегімен компаниялар өздерінің тауарлары мен қызметтерінің сатылуын едәуір арттыра алады. Жарнама сатылымдарды арттырудың негізгі құралы.
Жарнаманың негізгі түрлері
Теледидардағы жарнама — теледидарда қысқа бейне роликтерді көрсету көмегімен жүзеге асырылады. Жарнаманың бұл түрі ең қымбат әрі әсері ең көп болады. Сондықтан жарнаманың бұл түрің негізінен ірі компаниялар қолданады.
Газет пен журналдағы жарнама — жарнаманың бұл түрі ең көне түрлерінің бірі болып есептелінеді. Газет пен журналдағы жарнаманың құны жарнаманың ауданымен есептелінеді.
Баннерлер — көшедегі арнайы орындарда плакаттардың үстіне жазылатың орын.
Интернеттегі жарнама — интернетке қосылған құрылғыларда көрсетілетің жарнама.
Санат: Маркетинг деген не
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы