Инновация деген не?
Инновация дегеніміз тауар жасауды жетілдіретін жаңалық. Мысалы баяғы заманда адам бар жүкті өзі көтеріп, жаяу жүріп еңбек еткен. Кейін біздің ата-бабамыз жылқыны үйретіп ат үстінде отырып әлемді бағындырды. Атты үйрету инновация боп табылады. Себебі еңбек өнімділігі күрт артты. Ер қанаты ат дегендей еңбек өнімділігі күрт артты.
Тағы бір инновация ол металдарды пайдалану. Алғашында адам баласы тастан жасалған ауыр, қатты соқсан сынып кететін тас балға, балта пайдаланған. Кейін металды пайдаланып еңбек өнімділігін күрт арттырды. Себебі метал тастан гөрі берік, салмағы аз зат. Нанды пышақпен кесу оңай ма? Таспен кесу оңай ма?
Инновация мен идеяның айырмашылғы
Инновация ол тауар өндіруді жетілдіретін тәсіл, әдіс, жаңа құрал. Пайдасы айқындалған зат. Негізінен инновациялық заттар импорттық боп табылады. Яғни шетелден әкелінеді. Себебі инновация ол жаһандық үрдістердің негізінде жасалады. Инновациялық тауар, құрал, тәсілді ойлап шығару және оны пайдалануға жарайтын етіп жасау үшін миллиондаған не тіпті миллиардтаған доллар ақша керек.
Оған қоса талай жылдық тәжірибе керек. Инновация жасау үшін көп еңбектену керек. Зертханада тауар не зат сыналу керек.
Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы