Лизинг деген не
Лизинг дегеніміз құнды мүлікті белгілі мерзімге жалға беру және лизинг алушыға осы мүлікті аталған мерзім өткеннен кейін сатып алуға мүмкіндік беру.
Лизинг негізінен кәсіпөрындарға арнайы техника мен автокөліктерді алуда қолданылады.
Лизингтік операцияларда үш жақ қатынасады:
1) Сатушы — өндіріске қажетті техниканы, құралдарды не көліктерді сатушы.
2) Осы тауарларды сатушыдан несиеге алушы компания, яғни лизингтік компания.
3) Лизинг алушы — лизингтік компаниядан, тауарларды алуға қажетті несиені алады.
Санат: Қаржы ғылымы нені зерттейді
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы