Аутсорсинг деген не?
Аутсорсинг дегеніміз компания жұмысының бір бөлігінің өзге компанияға тапсыру. Мысалы метал өндіретін үлкен зауыт өзіне керекті күзетшілерді өзі жұмысқа алып, жұмысын өзі қадағалап жүруі мүмкін. Күзетшілерге керек форманы, камераларды, рацияларды сатып алып. Бірақ сонымен қатар күзет компаниясымен келісіп зауытты күзетуді соларға тапсыруы мүмкін. Зауыт басшылары бір міндетінен құтылады.
Аутсорсингтің тағы бір мысалы бухгалтерлік қызметтер. Бухгалтер дегеніміз компанияның есеп қисап құжаттарын қадағалайтын маман. Оның жұмысы құжаттарды салық комитетіне тапсыру. Бұ жерде де компания өзіне жеке бухгалтерді алуы мүмкін. Не арнайы бухгалтерлік қызметтермен айналысатын компанияны аутсорсингке алуы мүмкін.
Тағы бір мысалы ол аудит. Аудит дегеніміз компанияның күйін тексеретін жұмыс. Бұны да жеке аудиторлық компанияларға тапсыру керек.
Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы