Экономикалық цикл
Экономика біркелкі дамымайды, кейде тез дамиды, кейде баяу дамиды.
Өркендеу
Экономикада кей жылдары, бірнеше жыл бойы Жалпы Ішкі Өнім (ЖІӨ) тез өседі — жаңа жұмыс орындары ашылады, жұмыссыздық азаяды, жалақаның мөлшері артады, көп үйлер салынады, көп зауыттар мен фабрикалар ашылады.
Бұндай уақыт өркендеу кезеңі деп аталады.
Кризис
Кризис дегеніміз өркендеуге қарама-қарсы процесс, кризиста — ЖІӨ азаяды не баяу өседі, кей фабрикалар мен зауыттар жабылады я болмаса жұмысын уақытша тоқтатады, жұмыссыздық ұлғаяды, жалақының мөлшері азаяды.
1999-2008 жылдар өркендеу жылдары ал 2008-2016 жылдар Қазақстан үшін кризисті жылдары боп тұр.
Кризис пен өркендеу, күн мен түн сияқты алмасып тұрады, бұны экономикалық цикл деп атайды.
Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы