Депозит дегеніміз не
Депозит дегеніміз банкке не басқа да кредиттік мекемеге пайда алу үшін берілетің ақша соммасы. Пайда мөлшері депозиттің пайызымен аңықталады.
Мысалы депозиттің жылдық мөлшері 10% болса, онда депозитке салынған әрбір 1000 тенгеден жылына 100 тенге пайда түсіріледі.
Депозит банктердің негізгі пайда құралы боп табылады. Банктер халықтан белгілі бір пайызбен депозит арқылы ақша жинайды да, кейін өзгелерге жоғарырақ пайызбен бұл қаржыны таратады.
Депозиттерді кепілдендіру
Мемлекетте ондаған тіпті жүздеген банк жұмыс істеуі мүмкін, кейде біраз банктер банкроттыққа ұшырайды. Бұл банктердегі халықтын депозиттерің сақтау үшін, кепілдендіру қоры құрылады.
Кепілдендіру қоры банк банкроттыққа ұшырағанда халыққа депозит салымдарын қайтарады. Қазақстанда «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» салымшылардың ақшасын кепілдендіреді.
Санат: Қаржы ғылымы нені зерттейді
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы