Қаржы жүйесі
Қаржы жүйесі ұғымы экономика ғылымында мынандай мағынада қолданылады:
1. Мемлекеттегі барлық қаржы ұйымдарының жиынтығы ретінде (банктер, кредиттік ұйымдар, ипотекалық компаниялар, сақтандыру мекемелері тағы сол сияқты);
2. Қаржы нарықтары мен оның құрамдас бөліктері ретінде;
3. Мемлекеттегі ақша айналымы ретінде.
Қоғамда қаржылық қатынастар сан алуан, күнде миллиондаған, тіпті миллиардтаған қаржылық операциялар орындалады. Компаниялар шикізат сатып алады, кейін осы шикізатты пайдаланып тауарлар өндіреді, халық бұл тауарларды өз қажеттігіне пайдалану үшін сатып алады, мемлеккетке салық төленеді тағы сол сияқты. Бұндай қаржылық операциялар күн сайын сан алуан рет орындалады.
Осы қаржылық қатынастарды топтастыру үшін, қаржылық қатынастарды, тауарлар өндірісіндегі қызметіне қарай үш топқа бөледі: үй шаруалары, компаниялар және мемлекет.
Қаржы жүйесінің бөліктері
Үй шаруалары — жеке отбасынан не бір адамнан құралған субъектер. Үй шаруалары қоғамдағы тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін қажетті еңбек ресурстарының негізгі көзі боп табылады. Оған қоса тауарлар мен қызметтердің негізгі тұтынушысы да осылар.
Және қоғамдағы ең үлкен қаржы ресурстарының (депозиттер, зейнетақы фондтары) иелері де өздері. Бұл қаржы үй шаруаларының қаржысы деп аталады. Үй шаруаларының қаржысы қаржы жүйесінің бір бөлігі.
Компаниялар — қоғамдағы тауарлар мен қызметтерді өндіретің ұйымдар. Бұны өндіру үшін компаниялар инвестицияларды, кредиттерді пайдаланады.
Компанияның іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болатын қаржы корпоративтік қаржы деп аталады.
Мемлекет — елдегі азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынастарды заң мен мемлекеттік ұйымдар арқылы басқарып отырады.
Мемлекеттің негізгі мақсаты — тәртіпті орнату және сақтау, ел мен жерді ішкі және сыртқы жаулардан қорғау, елдің көркейтуіне жол ашатың заңдарды қабылдау, мүгедектер мен кедейлерді қолдау, елге білім беру тағы сол сияқты.
Бұл жұмыстарды атқару үшін мемлекетке қаржы ауадай қажет, бұл қаржынының негізгі көзі салық. Және осы қаржы мемлекеттік қаржы деп аталады.
Сонымен қаржы жүйесі негізгі үш топқа бөлінеді — үй шаруалар қаржысы, компаниялар қаржысы және мемлекеттік қаржы.
Санат: Қаржы ғылымы нені зерттейді
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы