Кредит деген не
Кредит дегеніміз ақшаны (құнды мүлікті) белгілі уақытқа қосымша пайызбен қайтарылады деген ниетпен қарызға беру.
Кредиттті әдетте банктер мен арнайы кредиттік мекемелер береді.
Кредиттің жылдық пайызы оны (кредитті) сипаттайтын шама болып табылады. Жылдық пайыз дегеніміз бір жыл ішінде кредит сомасына қарыз ретінде қосылатын пайыз мөлшері.
Мысалы кредиттің пайыз мөлшері 15% болса, онда бір жылға 100 000 тенге алған кредит алушы бір жыл өткеннен кейін 100 000 + 100 000 * 0.15 = 100 000 + 15 000 = 115 000 тенге қайтарады деген сөз.
Кредиттің жылдық пайызымен қоса, банк не өзге кредит беретің мекеменің қосымша коммисиялық пайыздары да бар болуы мүмкін. Бұны кредит алғанға дейін мұқият білу қажет!
Кредит төлемдері
Кредитті төлеудің екі негізгі әдістері қолданылады — бірдей төлемдер (аннуитеттік) және диффренциалдық төлемдер. Бірдей төлемдер дегеніміз кредит сомасын және кредит пайызын бірдей төлемдермен ай сайын (жыл сайын) төлеу деген сөз. Ал дифференциалдық төлемдер дегеніміз кредитті өтеуге жұмсалатың ай сайынғы төлем мөлшері азайып тұрады деген сөз.
Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы