Монополия термині
Монополия деген не? Монополия термині грек тілінен «бір сатушы» деп аударылады. Монополия — жеке бір тауардың немесе қызметтің бір ғана сатушысы бар дегенді білдіреді.
Монополист
Монополияға ие сатушы монополист деп аталады. Тауардың бір ғана сатушысы бар болғанда, көп жағдайда тауардың сапасы төмен, бағасы жоғары болады. Себебі монополист өз пайдасын арттырғысы келеді, бәсекелестік болмаған жағдайда, монополист тауарды неғұрлым аз шығынмен өндіргісі келеді, бұл дегеніміз тауардың сапасына көп мән бермеу дегенді білдіреді. Осы себептен монополиялар ел үшін тиімді емес.
Экономикаға монополиялардың керегі жоқ. Себебі осының арқасында бәсекелестік болмайды. Монополиялармен күресу керек. Өйткені бәсекелестіктің арқасында тауар мен қызметтердің сапасы артып бағасы азаяды.
Антимонополиялық комитет
Дамыған елдердің барлығында монополияларға қарсы заңдар мен арнайы мекемелер бар. Мысалы Қазақстанда «Табиғи монополияларды реттеу» комитеті бар. Оның мақсаты монополиялардың жұмысын реттеу. Мысалы ауыл не қалада су, жылу, тоқ, телефон сияқты игіліктерді ұсынатын бір ғана компания бар болуы мүмкін. Сол компания халыққа өз игіліктерін ойлаған бағамен ұсына алмайды. Ол бағасын осы комитетпен келісіп өзгерте алады.
Ел үшін қажетті осы игіліктер антимонополиялық заңдардың нәтижесінде баяу артады. Әйтпесе бәсекелестік жоқ болғандықтан монополистер тоқ, су, газ сияқты игіліктердің құның шарықтай салар еді.
Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы