Жарияланбаған естеліктер, Сұраныс заңын талдау
Кіріспеде айтылған идеяларды, сұраныс заңына қолданып көрейік.
Сұраныс заңына сәйкес, тауардын бағасы P мен осы тауардың сатылынған мөлшері Q кері тәуелділікте болады:
Яғни тауардың бағасы артса, тауардын сатылынған мөлшері азаяды, ал баға азайса, сатылынған тауарлар мөлшері өседі. Қысқаша қорытындасақ сұраныс дегеніміз тауардын бағасын, тауардын сатылымдар мөлшерімен байланыстыратын қисық.
Бұл қисықтың QP координат жүйесіндегі орны өзгеріп тұруы мүмкін.
Сұраныс артқанда сұраныс қисығы жоғары көтеріледі:
Сұраныс азайғанда сұраныс қисығы төмендейді:
Сұраныс артқанда, сұраныс қисығы QP координат өсінде жоғары және оңға көтеріледі, сұраныс қисығының аналитикалық формуласы, осындай қозғалыстар кезінде сақталсын дейік.
Сұраныс қисығының теңдеуі Q = F(a,P) болсын, a белгісіз векторлы параметр.
P1 мен Q1 тауардын бірінші күндегі бағасы мен жалпы сатылымдары, ал P2 мен Q2 тауардын екінші күндегі бағасы мен жалпы сатылымдары болсын. Және екінші күні сұраныс артсын:
Сұраныстың қасиеттерін ескере отырып, мынандай теңдеулерді жаза аламыз:
Q1 = F(a, P1), Q2 = F(a, P2 + Δp) + Δq, мұндағы Δp мен Δq оң сандар (сұраныс қисығының сәйкесінше P және Q өстер бойынша ығысуы).
Q2 шамасы мына формула арқылы да аңықтала алады Q2 = F(a, P2 + p0) (бұл Δq=0, Δp0 ≥ Δp ығысуы):
Осыны пайдаланып:
Q2-Q1 = F(a, P2 + Δp0)-F(a, P1),
F(a, P2 + Δp0) ≤ F(a, P2),
Q2-Q1 ≤ F(a, P2)-F(a, P1),
Немесе:
F(a, P2)-F(a, P1) ≥ Q2-Q1.
Жазылған күні: 23.12.2015 жыл
Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы