Осы сайттың авторының жарияланбаған естеліктері

Жарияланбаған естеліктер, Кіріспе

Математикалық модельдеу

Қазіргі математика-экономикалық модельдердің барлығында оқиға ұғымы қолданылмайды. Бірақ нарықтағы тауарлар мен акциялардың бағалары экономикада болып жатқан оқиғалардан тәуелді.

Мысалы, 2007 жылдың жазында АҚШ-та қаржылық кризис басталды да алтын бағасы күрт артты:

Алтынның бір Трой унциясының бағасы 1 тамызда 820 доллар болса 1 қарашада 983 долларға дейін артты! Себебі инвесторлар кризис басталғанда ақшаларын сақтау үшін алтынды көп сатып ала бастады, алтын бұл қаржыны сақтауға қолайлы актив.

Не себептен алтынның бағасы артты? Себебі 2007 жылғы кризис басталды, кризистын басталуы бұл оқиға, сан емес.

Тағы бір мысал, мұнайдың бағасы сан түрлі оқиғалардан тәуелді — АҚШ тағы мұнай қорынан, Сауд Арабиясының және басқа ірі мұнай өндіруші елдердің мұнайды арттыру не кеміту керек деген мәлімдемелерінен, Нигериядағы жағдайдан, Парсы шығанағы елдерінің жағдайынан және көптеген басқа оқиғалардан.

Осы еңбектің түпкі идеясы, математика-экономикалық модельдеуде оқиғаларды пайдалану. Тауарға деген сұраныс артса, бұл нарықтағы оқиғалардың әсерінен болады.

Оқиғалар экономикаға әсер ете ме?

Әсері бар! Мысалы қола ғасырының соңында адамдар темірді өндіруді үйренді. Темір пайда болғаннан кейін, қоладан жасалған құрал-саймандардың саны азая бастады. Адамдар балғаны, балтаны, соқаны, пышақты тағы сол сияқты күнделікті өмірде пайдаланатың құрал-саймандарды қоладан емес, темірден жасай бастады.

Бұның салдарынан қолаға деген сұраныс азайды.

Қолаға деген сұраныс қалай азайды? Темір пайда болған оқиғадан кейін!

Мұнайға деген сұраныстың артуы

Я болмаса мұнайға деген сұраныс, іштен жанатың, отын ретінде мұайдан өндірілетің керосин мен бензин сияқты жанармайларды пайдаланатың моторлардың пайда болуынан артты. Автомобиль

Мұнайға деген сұраныс қалай артты?

Іштен жанатың моторлардың пайда болу оқиғасынан кейін!

Экономикадағы оқиғалар

Нарықтық экономикада — тауарлардың, қызметтердің және шикізат түрлерінің бағалары, көптеген факторлардан тәуелді болады. Яғни сұраныстан, ұсыныстан, нарықтықтық жағдайлардың өзгеруінен, жаңа заңнамалардың еңгізілуінен, табиғаттық және техногендік катаклизмдерден, технологиялық процестердің жетілдіруінен, мемлекеттердегі саяси режимдердің алмасуынан, т.с.с тәуелді болады.

Бұған көз жеткізу үшін, ақпараттық-экономикалық сайттарды оқыныз.

Осы еңбектің түйінді идеясы

Осы еңбектің түйінді идеясы, экономикадағы — баға, инфляция, пайыздық мөлшерлеме тағы сол сияқты шамалар, оқиғалардан тәуелді болады деген фактінде.

Және осы оқиғалардың нарықтарға әсер етуін талдай отырып, экономиканың өзгеру заңдылықтарын аңықтай алатығынымызда.

Осы еңбектің негізгі идеясы, экономикалық процестерді математикалық жолмен моделдегенде, тек скалярлы айнымалаларды (баға, уақыт, ЖІӨ, инфляция, …) ғана емес, сонымен қатар оқиғаларды да пайдалану керектігінде!

Жазылған күні: 16.12.2015 жыл

Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы