Сұраныс пен сұраныс заңы
Нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтердің бағалары жиі өзгереді, бағалардың өзгеруімен қатар сатылған тауарлардың жалпы мөлшерлері де өзгеріп тұрады.
Мысалы сиыр етінің бір килограмының бағасы — бірінші күні 1010 тенге, екінші күні 1090 тенге ал үшінші күні 1163 тенге болды дейік.
Осы бағаларға сәйкес жалпы сатылған сиыр етінің мөлшерлері мынандай болсын: 1 күні 120 кг, 2 күні 103 кг ал 3 күні 97 кг.
Бұны кесте арқылы көрсетуге болады:
баға (тг) | 1010 | 1090 | 1163 |
сатылым мөлшері (кг) | 120 | 103 | 97 |
Сұраныстың аңықтамасы
Сұраныс дегеніміз тауардың бағасын тауардың сатылымдарымен байланыстыратын тәуелділік.
Әдетте сұранысты график түрінде келтіреді:
P — мұндағы баға ал Q — сатылым мөлшері.
Сұраныс заңы
Сыртқы жағдайлар бірдей болғанда тауардың бағасы мен сатылым мөлшері кері байланыста болады.
Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы