Филлипс қисығы
Филлипс қисығы дегеніміз жұмыссыздық деңгейі мен инфляция кері байланыста болады деген гипотеза.
Осы гипотезаны 1957 жылы ағылшың экономисті Уильям Филлипс ұсынды.
Филлипс қисығының мәні
Филлипс гипотезасына сәйкес, жұмыссыздық артса, бағалар да азаяды ғой яғни инфляция да азаяды, өйткені жұмысы жоқ адамдардың тауарларды сатып алуға қауһары аз болады ғой.
Және керісінше де, жұмыссыздық азайса, адамдар көбірек тауарларды тұтынуға тырысады, яғни тауарларға деген сұраныс артып, тауарлардың бағалары да артады.
Филлипс қисығының кемшілігі
Бұл тәуелділік 1970 жылдарының ортасына дейін орынды болды, кейін инфлияция мен жұмыссыздық өзара тәуелсіз бағытта да өзгере бастады.
Яғни инфляция да, жұмыссыздық та бірге артқан жылдарды зерттеушілер бақылады. Филлипс қисығы бойынша бұлай болмауы тиіс еді.
Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы