Қаржы ғылымы нені зерттейді?
Қазіргі заманғы экономикалық қатынастарды қаржылық (ақшалық) операцияларсыз елестету қиын.
Компаниялар тауарлар мен қызметтерді сатып ақшалай пайда табады, кейін бұл пайда компанияның жұмысшылары мен басшылары арасында бөлінеді, бұл пайданың біраз бөлігі — кеңсені жалдауға, жарнамаға, жаңа жабдықтарды алуға, салық төлеуге,… жұмсалады. Компанияның біраз пайдасы банктегі депозиттерге салынады, кейде компания керісінше банктен кредит алады, кейде компаниялар лизингке құрал-саймандарды, станоктарды жалдайды.
Мемлекеттік ұйымдар салықты жинайды да, кейін бұл қаржыны — деңсаулық сақтау саласына, ел мен жерді қорғайтын әскерді ұстауға, социалдық жәрдемақыларды төлеуге, зейнетақыны төлеу сияқты қажеттіліктер үшін жұмсайды.
Бұл операциялардың барлығы ақшаның көмегімен жүзеге асырылады.
Қаржылық операциялар экономикалық қатынастар нәтижесінде пайда болады. Компания тауарды халыққа сатса, бұның нәтижесінде халық пен компанияның арасында, ақша айналымы пайда болады.
Қаржы ғылымының негізгі мақсаты, мемлекеттегі экономикалық катынастар нәтижесінде пайда болатын ақша айналымын зерттеу.