Импорт деген не? Қазақстандағы импорт

Импорт деген не?

Импорт деп шетелден тауар мен қызметті сатып алуды атайды. Мысалы сіздің қолыныздағы телефон шетелден әкелінген шығар. Демек ол импортталған тауар боп табылады. Импорт шетелден тауар алу. Әлемдегі елдердің барлығы дерлік импортқа тәуелді. Бір де бір ел барлық тауарларды өзі өндіре алмайды.

Мысалы Америка Құрама Штаттарын алайық. Олар түсті металдарды, газ бен мұнайды шетелден тасымалдайды. Тұрмыстық техника мен көліктерді де шетелден алады. Өзі де өндіріп сыртқа көп тауар сатады, мысалы Фордтың көліктері пен Бойнгың ұшақтары шетелге сатылады, яғни экспорттайды, өзі де көп тауарларды импорттайды, мәселен Тойотаның көліктерін және Самсунгтың техникасын.

Қазақстан импорты

Қазақстан импорты сан алуан. Еліміз көптеген тауарларды шетелден алады. Мысалы киім, азық-түлік, тұрмыстық техника, көлік, смартфон, теледидар және басқа тауарларды. Ұн мен ет сияқты бірен-саран тауарларды есептемесек еліміз сырттан келетін тауарларға тәуелді.

Себебі еліміз әлі де болса өз өнеркәсібін құра алмады. Қазақстан негізінен шикізаттық ел. Сыртқа мұнай, газ, мыс сияқты шикізат жөнелтіледі де соған арзан тауарларды алып мәз боп отырмыз. Бірақ бұл көпке созылмайды. Жаңа білімді ұрпақ өзіне өзі жол тауып, елдегі билікті біртіндеп өз қолына алып жатыр. Мағжан атамыз айтқандай:

«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!»

Заман сіздікі. Экономика, қаржы мен маркетингті оқып елді көркейтіндер. Нарықтық, әділ, демократиялық негізге құрылған мемлекетті құрындар.

Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы