Нарықтық экономика
Нарықтық экономика бай әрі дамыған елдерге тән құбылыс. Дамыған елдерде өкімет экономикаға бас сұғып араласпайды. Анандай құрылыс компанияларды қолдау керек, көлік жасаушыларды қолдау керек, мына банкке арзан несие керек, фермерлерге субсидия керек деп миллиард пен триллион тенгені бюджеттен бекер жұмсамайды.
Себебі мемлекеттің экономикаға араласуының еш пайдасы жоқ. Мысалы Қазақстанда фермерлерге талай жылдар бойы миллиардтаған субсидия бөлініп жатыр. Осының арқасында картоп, пияз, жүгері, қызанақ сияқты көкөністердің бағасы арзандады ма? Жоқ арзандамады. Керісінше жыл сайын азық-түлік бағасы артып келе жатыр. Ал халыққа арзан ипотека береміз деген бастаманың салдарынан пәтер мен үй күрт қымбаттады. Бұны студенттер жақсы біледі. Кеше ғана пәтер ақысы 100 мың тенге болса, қазір мемлекеттік ипотекалардың іске қосу салдарынан пәтер жалдау құны 150-200 мың тенгеге көтерілді.
Демек мемлекеттің экономикаға араласуы зиянды. Ол кімге тиімді? Биліктегі туысқандары мен достары бар монополистерге ғана тиімді. Мысалы мемлекеттік ипотекалардың игілігін ел көрмей банктер мен құрылыс компаниялары көріп жатыр.
Нарықтық экономика белгілері
Нарықтық экономика деген не? Ол мемлекет көп араласпайтын, жекемеңшік иелігі бар болатын, жеке меншік компаниялар мен халық арасында экономиялық қатынастар орнаған жүйе. Қысқасы нарықтық деп бар тауарлар мен қызметтерді жеке меншік, коммерциялық компаниялар өндіретін жүйе. Мысалы Америкадағыдай. О жерде бар қыметтер мен тауарларды коммерциялық компаниялар жасап халыққа ұсынады. Бір-бірімен бәсекелесіп. Бәсекелестік арқасында өнім бағасы арзандап сапасы артады.
Америкада ипотека мен кредиттерді жекеменшік банктер халыққа ұсынады. Бір-бірімен бәсекелесіп. Осының салдарынан о жердегі ипотека пайызы бар жоғы жылына 2-3%. Бізде болса несие пайызы 20-50%. Соңдықтан Америкадағы орташа отбасының үйі мынандай:
Біздің ауылдағы үйлер осымен салыстырғанда қора ғой! Қаладағы пәтерлердің де артып тұрған дым жері жоқ. Қазақстандағы бір не екі бөлмелі пәтер осының кіреберісіне сыйып кетеді емес пе.
Сонымен нарықтық экономика белгілері мынандай:
- Мемлекеттің экономикаға аз араласуы;
- Жекеменшік иелігінің бар болуы;
- Кәсіпкерліктің бар болуы;
- Әділ бәсекелестіктің бар болуы. Және оны шектейтін ережелердің болмауы шарт;
- Бағаның экономикалық тәсілмен орнатылуы. Коммерциялық компаниялардың бәсекелестігі арқасында баға орнатылуы;
Дамыған елдердің барлығы нарықтық негізде құрылған экономикаларға ие. Дамыған болуының сыры да осы. Мысалы Екінші Дүние Жүзілік соғыста жеңіліске тап болған Германия мен Жапонияның экономикасын қарастырайық. Барлық үйлер, жолдар, мектептер, ауылдар, қалалар соғыста қирап кетсе де нарықтық, әділ заңдардың болуының арқасында осы елдер тез дамып кетті. Небәрі он, он бес жыл ішінде дамыған елдерге қайта қосылды. Тіпті көбісінен артып кетті.
Соғыста қираған қалаларын Германия мен Жапония тез қайта қалпына келтірген. Кеңес Одағыдан тез қалпына келді. Не себепті? Себебі Кеңес Одағында мемлекеттік монополиялар үстем болды да экономика ойдағыдай дами алмады.
Өкіншке орай қазіргі президент Тоқаевтың экономикалық пен саяси даму жолы сол баяғы кеңестік үлгіде. Бір партия, бір билік, бар билікті өз қолына шоғырлаған бір ғана жасы ұлғайған басшы (шал) болып тұр дегендей. Бәсекелестік жоқ ортада прогресс, даму болмайды. Көп партияларға жол беріп әділ сайлау жасап парақорлықты жеңе алмаймыз. Партиялар бір-бірімен бәсекелеспей парақорлық билік арасында жойылмайды.
Неліктен кедей елдер көп?
Кей елдерде нарықтық байланыстар заңдармен, олигархтармен, монополиялармен шектелінген. Соңдықтан олар дамымай жатыр. Бар игілік монополияларға тиесілі.
Мысалы Латын Америка елдерінде саяси топтар өз кандидаттарың парламентке, әкіматқа, президенттікке ұсынып отырады. Сайлау науқанына көп қаржы жұмсайтындықтан байларға тәуелді үміткерлер саяси додада жеңіп отырады. Жеңіске жеткеннен кейін монополиялардың айтқаның екі етпей орындап отырады.
Әлем халықтарының басым бөлігі кедей. Себебі кене сияқты олардың қаның соратын зұлым өкіметтер. Былшылдап сөйлей ғана алатын, елге игілік бере алмайтын, экономиканы білмейтін президенттер бар. Бірақ жалпы тренд, бағыт айқын. Ол әлем халықтарының демократияға бет бұру, нарықтық экономиканы құру. Баяғыдағы құлдық сияқты ғой. Көне заманда бүткіл әлемде құлдық бар еді, одан кейін неше түрлі елдер бұдан бас тартып жатты. Нәтижесінде қазір құлдық толығымен жойылды.
Қазақстанды қалайша дамыта аламыз?
Атам қазақ «іргелі ел болғын келсе, бесігіңді түзе» деп бекер айтпаған. Қазақстан дамыған елдердің қатарына қосылуы үшін нарықтық қатынастар, әділ сайлау жүйесін орнату керек. Көп партияларға жол берілу керек. Монополияларды жойып адал еңбек ететіндерге жол беру керек.
Мына салаларда әділ, нарықтық қатынастар орнату керек:
- Бюджеттің басым бөлігі мұнай мен газ өндірушілерден алынған төлемдермен толады. Өкінішке орай Қазақстандағы пайдалы қазбалар саласындағы салық мөлшерлемесі дамыған елдердегі деңгейден тым аз. Осыны түзету керек! Түзетсек бірден қазына ақшаға толып кетеді. Бай болу жақсы емес пе! Мұнай, газ, мыс, темір, алтын және басқа пайдалы қазбаларды жерімізден өндіретін компаниялар Еуропа мен Америкадағыдай салық мөлшерін төлеу керек. Жер иесі халық, демек халық оның игілігін көру керек;
- Мұнай, газ, мыс, қалайы, күміс, алтын, мырыш, титан өндіретін компанияларда жұмыс істейтін қазақстандықтар Еуропа мен Америкадағыдай жалақы алу керек. Мұнай саласында жұмыс істейтіндер айына кем дегенде 5000$ жалақы алу керек. Себебі шикізаттың бағасы бар жерде бір. Қазақстанда өндірілетін мұнайдың бағасы Еуропада өндірілетін мұнайдың бағасымен тең, мұнайшылардың жұмысы да тең. Бірақ біздің мұнайшылардың жалақысы бар жоғы 500$ ал Еуропада 5000$. Осы дұрыс па?
- Жер телімдері нарығында. Әрбір жер телімі әділ аукцион арқылы сатылу керек. Тегін берілмей. Тегін берілсе парақорлар сондай жерлерді иемденіп алады. Пайдаланбаған жерлерге салық орнату керек. Әсіресе ірі қалаларда. Сонда бәріне жер қол жетімді болады. Ай сайын төленетін салық бар болғандықтан жер иесі арам оймен (болашақта жоғарлайды) алақанында жерді ұстап қалмай жерді пайдалануға не жерді сатуға икемді болады. Яғни мына жерге орнаған қымбат бағалар тез төмендейді;
- Қолында екі не одан көп пәтергі (үйі) ие адамдар артық үй не пәтер үшін салық төлеу керек. Жасыратыны жоқ пәтерлердің басым бөлігін байлар сатып алып халыққа қымбат бағаға жалдап жатыр. Пәтер ақысының және құнының артуы осыдан. Салықты бекітсек бірден пәтер де, пәтер ақысы да арзандап кетеді, көбі пәтерді жалдаудан гөрі сатып алуға көшеді. Еуропаның дамыған елдерінде бұндай салық баяғыдан бері қабылданған. Мысалы Францияда. Осының салдарынан Францияда пәтер мен үй тым қымбат болмай тұр. Халыққа қол жетімді боп тұр. Бізде болса пәтерді жалдау да қымбат, ипотека да тым қымбат;
- Оқу ақысын азайту керек. Неліктен мемлекет қамқорлығындағы университеттердің оқу ақысы жекеменшік университеттерден артық? Себебі ақша тиімді жұмсалмай жатыр. Дамыған елдерде оқу ақысы бар жоғы 500 евро (Сорбонна, Болон, Милан және басқа университеттер);
- Жастарға арнап көп жатақхана салу керек. Жастарды қанғыртпай, қамқорлыққа алу керек. Бүгінгі студент, ертең дәрігер, мұғалім, инженер болады. Ертең соның алдынан өтпеймісін? Ертең содан көмек алмаймысын? Баланды оқытпаймысын?
- Шәкіртақыны дарынды жастарға көбейту керек. Оқи алатын балаға жоғары шәкіртақы беру керек;
- Несие пайызын азайту керек. Банктердегі пайыздық мөлшерлеме тым жоғары. Соны заңмен азайту, шектеу керек. Оған қоса пеня мен коммиссияларды да азайту керек;
- Әлемдегі алып компанияларға орын беру керек. Мысалы банк саласында. Неліктен шетелдің бірде-бір ірі банкі Қазақстанға келіп халыққа қызмет көрсетпейді? Неліктен шетелден пайыздық мөлшерлемесі аз несиелерді халық ала алмай жатыр? Себебі ондай банктерге белгілі адамдар жол бермей жатыр. Жол ашу керек. Халыққа жеңіл несиелер керек;
- Мемлекеттік тендерлер шарттарын өзгерту керек. Тендерді елмен кеңесіп өткізу керек. Әділ жолмен. Мысалы ауылда мектеп салынса сол мектепте оқитын балалардың ата-аналары тендерді өткізуге қатыссын. Түбінде пайдаланатын солар, демек солар таңдасын. Жалпы ірі тендерлерге тәжірибесі мол компаниялар ғана қатыссын. Және сол компаниялар тұрғызылған мектептер, ауруханалар және басқа жұмыстар арнайы сайтта орналастырылсын. Оған қоса халық сол сайтқа тіркеліп коммент пен лайк басып дауыс берсін. Сонда бірден қандай компания нашар қайсысы жақсы деп бірден аңықталады. Кім көп лайк жинаса сол жақсы, азы жаман. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар дегендей;
- Көп партияларға орын беру керек. Ешбір партияның жұмысын шектемеу керек. Көп партиялар бар болса билікте парақорлық азайып, әділдік орнайды.