Қаржы деген не

Әрбір компания өзі өндірген тауарларды сатады да бұдан пайда көреді, кейін саудадан түскен ақшаға шикізат алады да жұмыскерлерге жалақы төлейді де, тауарларды қайта өндіріп қайта сатып қайта пайда алады…

Оған қоса компания кредит алуы мүмкін, салық төлеуі тиіс, яғни ақша белгілі бір қажеттіліктерді өтеу үшін жұмсалады.

Қаржы дегеніміз — ақшаны компания (мемлекет) қажеттіліктеріне жұмсау кезінде пайда болатын арнайы экономикалық қатынастар.

Сонымен қатар қаржы деп мемлекеттің (компанияның) барлық ақша қорларының жалпы сомасын атайды.

Қаржы негізгі үш топқа бөлінеді — мемлекеттік қаржы, корпоративтік қаржы және жеке отбасының қаржысы.

Мемлекеттік қаржы

Мемлекеттік қаржы мемлекеттің қажеттіліктерің ақшамен қамтамассыз ету үшін қажет. Бұл үшін әрбір мемлекет компаниялар мен халықтан салық жинайды да бұл салықты өзінің қажеттіліктеріне жұмсайды.

Мысалы зейнеткрелерге пенсия ал бюджет қызметкерлеріне жалақы төлейді. Сонымен қатар мемлекетке қажетті құрал жабдықтарды сатып алады.

Корпоративтік қаржы

Корпоративтік қаржы компанияның ақша айналымын қарастырады.

Жеке отбасынының қаржысы

Жеке отбасы қаржысы мемлекетте бар отбасылардың орташа деңгейдегі отбасының қаржысын зерттейді