Бренд деген не? Брендинг деген не? Қазақстан брендтері

Бренд деген не?

Сіз супермаркетке барсаныз неше түрлі тауарларды көресіз. Қызыл түсті, жылтыр, қара, ақ және басқа қапқа ие тауарларды көзініз шалады. Солардың ішінен қайсысын таңдайсыз? Көзге ілінетінің! Жылтыр қабы бар тауар көзге бірден ілінеді. Оған қоса сол тауардың бетінде сізді ынталандыратын жазу да бар болуы мүмкін. Мысалы мынандай:

Бренд деген не?

Осы баннерде «Head & shoulders» шампунінің жарнамасы келтірілген. Қайызғаққа қарсы деп жазылған. Сіздің шашыныз осылай жылтырап тұрады дегендей мағлұмат та бар. Сіз осы тауарды алып оны қолданып шашті жусаныз осылай болады деп айтып тұр. Бұл маркетингтік тәсіл.

Басқа шампуньдардан осысы немен ерекшелінеді?

  1. «Head & shoulders» сәнді қорабы бар. Соңғы үлгідегі дизайнды пайдаланып;
  2. Оның танымал мақсаты, яғни қайызғаққа қарсы шампунь дегені бар;
  3. Танымал логотипі бар;
  4. Көп мөлшерде жарнамалайды.

Осының арқасында аталған тауарды көп сатып алады. Сіз бір дүкенде екі ғана шампуньге тап болсаныз. Бірі танымал ал екіншісі ешкімге белгісізі болса қайсысын таңдайсыз?

Сонымен бренд дегеніміз ол бір тауарды өзгелерден ерекшелендіретін дүние. Ол ерекше дизайны, логотипі, девизі, мақсаты, атауы болуы мүмкін. Не бұның бәрі болуы мүмкін. Экономикада жарнама мен маркетингтің орны зор. Тауарды көп мөлшерде сату үшін маркетингтік зерттеулер мен жарнамаға көп қаржы бөлу керек. Әйтпесе тауар танымал бола қоймайды.

Брендинг деген не?

Брендинге деген не? Брендинг ол танымал брендті қалыптастыру. Тауардың ерекше дизайның жасау, оның атауын ойластыру, жарнамалау. Қысқасы бренд жасау. Шетелге тауар сату үшін, яғни тауарды экспортқа жіберу үшін оны сол елде жарнамалау керек. Ерекше бренд қалыптастыру керек. Өзгелер тани қоятын брендті жасау керек. Бізге келетін импорттық яғни шетелдік тауарлар да жарнамаланады емес пе.

Ағылшын тілінен brand сөзі таңба деп аударылады. Яғни бренд тауарды «таңбалау». Бренд тауарларға ғана қатысты ұғым емес. Сонымен қатар қызметтерге де тән.

Мысалы соңғы кезде Қазақстанда танымал бола бастаған барбершоптарды алайық. Барбершоптың мақсаты шаш алу. Бірақ шаштараздағыдай емес, бұнда сізге шай не кофе ұсынуы мүмкін. Сізге жағымды әрекет жасауы мүмкін. Мысалы жылынып сөйлеп дегендей. Шаш алу тауар емес, қызмет. Барбершоп пен шаштараздың қызметі бір. Ол шаш алу. Бірақ біріншісі қосымша игіліктерді ұсынып қымбат бағаға өз қызметін ұсынады.

Сонымен қатар брендинг қалаларға да тән құбылыс. Мысалы мына суретте қай қала келтірілген:

Брендинг деген не?

Суретте Алматы қаласы келтірілген. Оны қалай білдік? Ең алдымен дана Дінмұхамед Қонаев салған «Көктөбе» мұнарасы мен «Қазақстан» қонақ үйімен, таулармен. Осыны да брендинг дейді. Әлемдегі ірі қалалардың әрқайсысының танымал ғимараты, көшелері, ескерткіштері бар.

Нью-Йорк қаласының бренді не? Париж қаласының бренді не? Түркістан қаласының бренді не? Осыны түсіндіріп беріндер. Қай қала немен ерекшелінеді. Сіз туып өскен қаланыз, ауылыныз немен танымал?

Қазақстан брендтері

Қазақстанды шетелде танымал ететін адамдар бар. Соларға қарап шетелдік жұрт Қазақстанды еске алады. Сіз бұндай адамдарды білетін шығарсындар. Олар кім? Және қалай қазақ жерін танымал етіп жатыр? Осы сұрақтарға жауап беріндер.

Санат: Маркетинг деген не
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы