Матрица деген не? Матрицаларды қосу. Матрицаларды көбейту

Матрица деген не?

Кестені математикада матрица дейді. Мысалы барша оқушы білетін көбейту кестесі матрица да боп табылады. Мына кесте матрица болады:

Матрица деген не?

Алгебрада тек жолдар мен бағандар арасын бөлетін сызықтарды алып тастайды да кестенің сыртына жақшаны қояды:

Матрица деген не?

Жақша кейде домалақ кейде тік болады. Яғни не () не [] белгісін матрицаны белгілеу үшін пайдаланады. Матрицалар кестелер сияқты жолдар мен бағандардан құралған. Баған дегеніміз мынау:

Матрица бағаны

Осы суретте екі баған боялған. Үшінші баған жасыл түске ал бесіншісі сарыға. Жолдар бағанға перпендикуляр орналасады. Осы матрицада тоғыз баған және тоғыз жол бар.

Матрицаларды латын алфавитінің бас әріптерімен белгілейді. Мысалы A, B, C, D,… Матрица сандардан құралады. Матрица ішіндегі сандар оның элементтері деп аталады. Элементтер латын алфавитінің кіші әріптерімен белгіленеді.

Жоғарыдағы матрицаны A деп белгілесек оның i жолдағы және k бағандағы элементін aik деп белгілейміз. Мысалы екінші жолдағы және төртінші бағандағы элемент a24 = 8. Осы элемент мына суретте келтірілген:

Матрица элементі

Матрицаларға кәдімгі сандарға сияқты қосу, азайту, көбейту амалдары аңықталған. Матрицалар ғылым мен техникада кеңінен қолданылады. Мысалы экономика, қаржы, статистика, физика, химия және басқа ғылымдарда.

Матрицада бір ғана жол бар болса ол сандар жиынына айналады. Мысалы B = [1, 2, 4] мен C = [0, 44, 56, 2, 85, 13] матрицалары бір жолдан ғана құралған.

Матрицаларды қосу

Матрицаларды көбейту амалы

Кері матрица

Бірлік матрица

Матрица түрлері

Санат: Сызықтық алгебра
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы