Мода деген не? Санның модасы. Модасын табу жолы

Мода деген не? Санның модасын табу жолы

Мына сандар жиының қарастырайық: 1, 2, 3, 3. Осы жерде 3 саны екі рет ұшырасады. Қалған сандар бір реттен ғана жазылған. Мода деген осы. Мода дегеніміз жиын ішінде ең көп кездесетін сан. Ал мына 2, 4, 2 жиында мода неге тең?

Модасын табу жолы

Сандар тізбегінің модасын табу жолы аса қиын емес. Бар жоғы ең көп кездесетін санды ғана табу керек. Мына жиында 4, 5, 66, 5, 12 мода неге тең? Егер сізге моданы бірден табу қиын болса сандардың ұшырасуын жеке жеке етіп жазыңыз:

5 саны екі рет қайталанды. Қалғандары қайталанбады. Демек 4, 5, 66, 5, 12 жиынының модасы 5 тең. Кейде мода екі не одан да көп санға тең болады. Мысалы 1, 2, 2, 3, 3, 4 сандар жиынында екі мода бар. Ол 2 және 3 сандары. Ал 1, 2, 2, 3, 3, 4, 4, 5, 6, 7 сандар жиынында бақандай үш мода бар. Оларды жазып беріңіз.

Статистикадағы мода ұғымы

Мода ұғымы статистика ғылымында пайдаланады. Статистикадағы мода ол ең көп бақыланатын шама. Мысалы аспандағы метео құбылыстарды бес күн ішінде бақылап мына кестеге толтырайық:

ДүйсендіСейсенбіСәрсенбіБейсенбіЖұма
БұлттыБұлтсызЖаңбырАшықБұлтты

Осы жердегі мода «Бұлтты» болады. Демек бес күн ішінде бұлтты күндер көп болды.

Санат: Математикалық статистика
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы