Логотип деген не? Логотип жасау жолы. Слоган деген не

Логотип деген не?

Логотип деген не? Компанияның, тауардың, мекеменің өзіне ғана тән белгісі логотип делінеді. Көне қазақ руларының таңбалары логотип мысалы бола алады. Әр рудын өз таңбасы бар. Сол таңба киіз үйде, киімде, туда тұрса жұрт қай ел екенің бірден ұғады.

Алып компаниялардың барлығында атақты, танымал логотиптері бар. Сіз мына брендтердің кейбірін білетін шығарсыз:

Логотип деген не?

Логотип компания өнімін не өзін ерекшелеу яғни брендинг жасау үшін керек дүние. Маркетинг тәсілдердің бастамасы. Логотип компания өнімдерінде таңба сияқты басылып тұрады. Мысалы КФС-ден тапсырыс алсаңыз пакетінде, соустарында компания логотипі жазылып тұрады.

Логотип жасау

Логотип жасау қиын іс емес. Бұл үшін онлайн құралдарды пайдалана аласыз. Онлайн логотип жасайтын сервистердің көмегімен сәнді логотипті тез жасай аласыз. Ағылшынша осындай сервистердің атауы logotype maker. Онлайн сервистерде сізге бірнеше логотип ұсынады.

Соларға қарап өзінізге ұнағаның таңдай аласыз. Сіздің компанияныздың атауымен. Сізге ұнаған түске боянған логотипті жасау қиын емес.

Онлайн сервистерден бөлек жол да бар. Ол кәсіптік жол. Яғни арнайы бағдарламаларды пайдалану. Мысалы Photoshop, Corel Draw сияқтыларын. Бұл үшін осы бағдарламаларды үйрену керек. Оған қоса сіздің аздап болса да дизайндық білімініз бар болуы керек. Түстерді таңдау, шрифтерді таңдау дегендей дүниелермен сіз таныс болуыныз керек.

Слоган деген не?

Слоган деген не? Кейбір компаниялардың логотиптен бөлек қысқа мақсаты, ерекшелігі еңген жазуы бар болады. Мысалы Мерседес Бенцтің слоганы — «The best or nothing». Мағынасы көліктерді қатырып жасаймыз дегені ғой. Сонымен слоган ол компания не тауардың ерекшелігін айқындап беретін мәтіндік жазу, ұран.

Тағы бір танымал бренд «Just do it» деген слоганға ие. Қазақстандық компаниялардың да слогандары бар. Соларды атапы берініз. Қанша слоган білесіз?

Санат: Маркетинг деген не
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы