Тендер деген не

Тендер деген не

Мемлекеттік ұйымдар мен ірі компаниялар, өздерінің қажеттіліктеріне керекті тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін, тауарлар мен қызметтерді өндіруші компаниялар арасында арнайы конкурсті өткізеді, бұл конкурстын өзіндік шарттары бар және бұл конкурс тендер деп аталады.

Мысалы ауылда мектеп салу үшін, облыстық білім беру басқармасы тендерді өткізеді. Бұл тендердің шарттарын қаңағаттандыратың құрылыс саласында жұмыс істейтің компаниялар, тендерге қатыса алады.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тендерді ең арзан баға берген компания женеді. Яқи бір компания мектепті 100 миллион тенгеге сала аламыз десе, ал басқа компания осы мектепті 120 миллион тенгеге сала аламыз десе. Бірінші компания тендерді женеді.

Санат: Қаржы ғылымы нені зерттейді
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы