Макроэкономика деген не?

Макроэкономика деген не?

Макроэкономика ол экономиканы жалпы деңгейде қарастыратын ғылым саласы. Ірі көлемде. Мемлекет не облыс деңгейінде қарастырады. Экономикадағы жалпы процестерді қарастырады.

Макроэкономика ғылымында жалақы, жұмыссыздық, баға, табыс, инфляция, салық сияқты дүниелер қарастырылады. Макроэкономика ғылымының негізін қалаған адам Джон Мейнард Кейнс. Ол өзінің атақты 1936 жылы шыққан «The General Theory of Employment, Interest and Money» кітабінда макроэкономикалық зерттеулерді жүргізді.

Микроэкономика мен макроэкономиканың айырмашылығы не? Микроэкономикада жеке компаниялар мен жеке тұтынушылар қарастырылады. Макроэкономикада экономика бүткіл мемлекет деңгейінде қарастырылады.

Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы