Лицензия деген не? Лицензиялау

Лицензия деген не?

Лицензия дегеніміз ол белгілі бір тірлікке рұқсат беретін құжат. Мысалы жеке клиника елге қызмет көрсетуден бұрын арнайы тексерісті басынан кешуі керек. Мемлекеттік мекемелер осы клиника жұмысын тексеріп отырып я рұқсат беруі не бермеуі мүмкін. Былайша айтсақ «емтиханнан» өтуі керек. Жұмысы заңға сәйкес болса мемлекеттік тексеруші лицензия береді. Яғни елді емдеуге рұқсат береді.

Лицензияның тағы бір мысалы ол компьютерлік бағдарламалар. Windows сияқты ақылы жүйені пайдалану үшін арнайы лицензияны сатып алу керек. Лицензияның ішінде арнайы код бар болады. Сол кодты компьютерге енгізіп Windows пайдалана аласыз. Дамыған елдерде пираттаық бағдарламалар аз тараған. Оларда бағдарламалардың барлығы дерлік лицензияланған. Осының арқасында бағдарламаларды жасаушылар жаңа өнімді жасауға ниетті болады.

Лицензияның басқа мысалы ол пайдалы қазбаларды жер астынан алу. Мысалы мұнай, газ, көмір, алтын, мыс, темір және басқа пайдалы қазбаларды өндіру үшін мемлекеттен арнайы лицензия алу керек. Лицензиялау деген арнайы рәсімінен өтуі керек. Лицензиялау ол лицензия беретін рәсім.

Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы