IPO дегеніміз не

IPO дегеніміз не

IPO дегеніміз акционерлік қоғамның акцияларын алғашқы рет баршаға ашық түрде сатылуы. Яғни IPO-нің мақсаты акцияларды нарыққа шығару.

IPO мақсаттары

IPO-ны жүзеге асырғанда компанияға қосымша қаржы құйылады (акциялар сатылады), бұл қаржыны компания дамуына жұмсай алады.

Компания өзінің акцияларын нарықта, баршаға жетімді етіп сатса, осы акциялардың бағасы нарықтық механизмдер негізінде бағаланады да компанияның жалпы құны есептелінеді.

Компаняның акционерлері өзінің акцияларын баршаға сату қабілетіне ие бола алады.

Компанияның акциялары IPO-ден кейін баршаға сатылына алады да, акциялардың беделі артады. IPO-дан кейін акционерлік компания ашық деген мәртебеге ие болады да, компанияның негізгі көрсеткіштері жарияланып тұрады.

Қазақстандағы халықтық IPO

IPO-дан кейін компанияның акционерлер құрамы өзгереді, акцияларды сатып алғандар компанияның акционерлері қатарына қосылады да компанияның жұмысына араласа алады (акциялар санына қарай акционердің беделі артады).

Қазақстан Республикасындағы жүзеге асып жатқан IPO-дың негізгі мақсаты, мемлекет меңшігіндегі компанияларды халыққа сату. Халық осы акцияларды сатып алғаннан кейін, сатылынуға ұсынылған ұлттық компаниялардың акционерлер қатарына қосыла алады.

Компанияның бағасы болашақта артса, акционерлер пайда табады, акцияның құны азайса, акционерлер шығынға ұшырайды.

Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы