Экономика нені зерттейді?

Экономика нені зерттейді?

Әрбір адамға — тамақтану үшін ас қажет, шөлін қандыру үшін сусын қажет, киіну үшін киім қажет, өзгелермен байланысу үшін телефон қажет,…

Тамақтану адамның табиғи қажеттілігі, ас осы қажеттілікті қанағаттандыратың, асханаларда (мейрамханаларда, кафелерде,…) ұсынылатың (сатылатын) тауар. Киіну адамның табиғи қажеттілігі, киім осы қажеттілікті қанағаттандыратың тауар.

Экономика ғылымының негізгі мақсаты, адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратың тауарлар мен қызметтердің өндірілуінің және үлестірілуінің ең тиімді жолдарын аңықтау.

Яғни, экономика нені зерттейді деп сұрасаныз, экономика ел мен мемлекеттегі байлықтын арттыру жолдарын зерттейді деп жауап қайтара аламыз.

Экономика ғылымының негізгі концепциясы — әрбір адам, өзінің пайдасын арттырғысы келеді, әрбір адам байығысы келеді. Адам пайда тапқысы кеп, қоғамға пайдалы көп жұмыс істейді, компаниялар көп пайда тапқысы кеп, көп тауар өндіреді. Сөйтіп ел мен жер дамиды.

Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы