Стандарт деген не? Эталон деген не? ИСО деген не?

Стандарт деген не?

Стандарттың мысалы ретінде үйдегі тоқ бола алады. Тоқ желісінде 220 вольтті пайдалану келісілген. Тоңазытқыш та, теледидар да, кір жуғыш машина да осы 220 вольт тоқты пайдалануға негізделген. Біреу жаңа телефонды үйге әкелсе оның қуаттау құрылғысы осы 220 волтқа негізделіп жасалады. Барлық электронды құрылғылар мына 220 вольтқа арналып жасалады. Бәріне ортақ тоқ негіз бар ол 220 вольт. Бәріне ортақ негіз, үлгі болатын дүние стандарт деп аталады.

Біреу теледидарды стандартқа сай емес етіп жасау мүмкін. Мысалы 150 вольтқа арнап. Бірақ оны кейін көбіміз пайдалана алмай қаламыз. 150 вольттық тоқты қайдан аламыз? Үйдегіне бұндай теледидарды қоссаңыз жанып кетеді.

Стандарттың тағы бір мысалы ол киім өлшемдері. Көбінесе киім M, S, L, XL дегендей өлшемдерге сай етіп жасалады. Әрқайсысы стандарт, үлгі, нұсқа.

Стандарттың тағы бірі ол сегіз сағаттық жұмыс күні. Баяғыда адам күніне он, он бес сағат бойы жұмыс істеген. Қанаушылар тез, тез деп адамды көп жұмсай берген. Жалақыны азайтып, жұмысты көбейтіп. Маған сенбесеніз Бейімбет Майлиннің еңбектерін оқыныз (мысалы «Түйебай» әнгімесін). Қазіргі заманда сегіз сағаттық жұмыс күні көптеген елдерде стандарт, үлгі етіп заңмен бекітілген.

ИСО не ISO

Экономикада стандарт керек ұғым. Халықаралық стандарттар жүйесі бар. Аты ISO. Немесе қазақша ИСО. ИСО халықаралық стандарттарды құрумен айналасатын ұйым. Оның мақсаты неше түрлі тауарлар мен қызметтерді ортақ қалыпқа, негізге келтіру жүйесін ойластыру.

Эталон деген не?

Сіз бір килограмм, бір литр дегенді білесіз. Сіз салмақ пен көлемнің өлшем бірліктерін білесіз. Оған қоса бір метр не бір километрдің не екенің де білесіз. Осының бәрі эталонға негізделген.

Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы