Стагнация дегеніміз не

Стагнация дегеніміз не

Стагнация дегеніміз экономиканың дамымай ұзақ уақыт бойы бір қалыпта болуы. Яғни стагнация дегеніміз экономиканың өзгермей, дамымай тұруы. Жалпы Ішкі Өнім стагнация жылдары аз өседі я болмаса біртіндеп кемиді. Және экономиканың құрылымы өзгермей қалады.

Стагнация бұрынғы Кеңес Одағында 80 жылдарының екінші жартысында орын тапқан, осы жылдары экономика дамымай, халықтың хал-ахуалы нашарлай бастаған. Бұнын салдарынан Кеңес Одағы ыдырады.

Яғни, стагнация мемлекетке зор қауіп төндіретің экономикалық құбылыс.

Стагнацияның түрлері

Стагнацияның екі типі бар — монополистік және өтпелі.

Монополистік стагнация монополиялар бар нарықтарда байқалады, монополия дегеніміз бір тауардың не қызметтің бір ғана өндірушісі бар деген мағына беретің экономикалық термин. Бұның салдарынан бәсекелстік жойылады да, осы тауарды өндіретің салада экономикалық даму бәсендейді, өйткені монополистке өнеркәсіпті дамыту қажет емес, монополияға ие тауардың сапасын арттыру да қажет емес.

Монополистке баяғы жолмен пайда табу тиімдірек болады.

Өтпелі стагнация бұл экономикадағы өзгерістер болғанда байқалады, мысалы бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде, жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдары, социализмнен капитализмге ауысқанда стагнация байқалған еді.

Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы