Пиар деген не? Қоғаммен байланыс

Пиар деген не?

PR дегеніміз ағылшынның Public Relations (қоғаммен байланыс) деген сөздерінен туындаған ұғым. Маркетингте брендті қоғам, халық, ел арасында бәлендей қасиетке ие, бәлендей сипаттағы деп таныту. Мысалы Еуропадағы көптеген компаниялар өздері өндірген тауарлардың қабына «Eco» немесе «Natural» деген жазуды қоюды қалайды. Бұнысы біз табиғатқа зиян келтірмейміз, я болмаса тауарымыз табиғи дегені ғой. Осы жазу көптеген брендтердің логотип суретінің жанына қойылады.

Пиар тауар мен қызметті танымал ету. Және осы тауар бәлендей қасиетке ие деп жұрт аузына құю. Мысалы Mercedes мен BMW көліктері қымбат тұрады. Бәсекелестерінен әжептәуір қымбат боп сатылады. Және олар өз көліктерін жарнамалағанда біздің сатып алушылар бизнесмендер, ауқатты адамдар, өмірде жолы болғандар деп түсіндіреді.

PR деген не?

Эконом класты көлік деп емес. Бәріне қол жетімді болуға тырыспайды да. Олардың пиар менеджерлері көліктеріміз сапалы әрі қымбат деген сипаттағы жарнамаларды береді. Люкс (қымбат) кластағы көліктер деп.

Пиар деген не? Пиар ол қоғаммен байланыс. Пиар маркетингке ғана тән құбылыс емес. Саясатта да пиарға орын бар. Мысалы Қазақстанда президент не айтса соны теледидар, радио мен газеттерде бірден осы дұрыс. Осы керемет ой деп халыққа үгіттейді. Президентіміз керемет адам, оның ойы халық үшін табылған ақыл, даналық деп бірімен бірі жарысып жырлайды.

Дамыған демократиялық елдерде, әділ сайлау бар жерде үміткерлер ел ішіне өздерін жұртқа жағымды қасиеттерімен танылып дауыс жинағысы келеді. Мысалы әйелдерге жағымды болу үшін үміткер өз отбасын, әйелін елге таныстырады. Бұнысы мен әйелімді сүйем, балаларыма қамқор болып жатырмын дегендей. Бұны көрген әйелдер оған сүйсініп қарайды. Сайлауда осының нәтижесінде көп дауыс жинауы мүмкін.

Немесе Америкада еуропалық үміткер африко-америкалықтармен (негр деп айтпаңыз, өзінізді де өзгені де құрметтеніз) доспын, оларды қолдаймын деген ой тудыру үшін солармен жақын болуға тырысады. Мысалы афро-америкалық адамды жұмысқа алып. Не сондай нәсілдегі адаммен дос болып дегендей әрекет істейді. Мақсат Американың қалын афро-америкалықтардың дауысына ие болу.

Санат: Маркетинг деген не
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы