Қоммерциялық емес ұйымдардың қаржысы

Қоммерциялық емес ұйымдардың қаржысы

Қоммерциялық емес ұйымдар не үшін құрылады? Коммерциялық емес ұйымдар — мүгедектерге, жалғыз басты аналарға, табиғат апатынан зардап шеккен, соғыстан оралғандарға көмектесу; ел есімінде қалған ұлы тұлғалардың еңбектерің сақтау әрі насихаттау; жоғалу қаупі бар жануарларды сақтау; тағы сол сияқты игі мақсаттар үшін құрылады.

Коммерциялық компаниялардың негізгі мақсаты пайда табу болса, коммерциялық емес ұйымдардың негізгі мақсаты игі істерді жасау.

Коммерциялық емес ұйымдардың қаржы қатынастары мынандай жағдайларда пайда болады:

1. Коммерциялық емес ұйымдар құрылғанда (алғашқы жарнаны төлеу).

2. Коммерциялық емес ұйымға грант бергенде, халық ақша бергенде.

3. Коммерциялық емес ұйым мемлекетке салық төлегенде.

4. Жергілікті және республикалық бюджеттен, коммерциялық емес ұйымға қаржы, ел игілігі үшін жұмсалсын деген мақсатпен берілгенде (тарихи тұлғаларды еске алу, соғыс ардагерлеріне көмектесу, жас атаналарға жәрдемдесу, жастарға көмектесу,…).

5. Коммерциялық емес ұйымдарда жұмыс істейтің қызметкерлер болады, бұл адамдарға жалақы төлегенде қаржы қатынастары пайда болады.

6. Коммерциялық емес компания мен кредиттік мекемелері арасында, коммерциялық емес ұйым кредитті алғанда, және осы кредитті кейін төлегенде пайда болады.

7. Коммерциялық емес ұйымдар, өзінің қажеттіліктерің қанағаттандыру үшін коммерциялық компаниялардан тауарлар мен қызметтерді сатып алады (кеңсені жалдау, компьютерлерді сатып алу, кеңсеге қажетті жиһазды сатып алу,…). Осы операциялар қаржыны қажет етеді.

8. Коммерциялық емес ұйымды сақтандыру кезінде.

Коммерциялық компаниялардың мақсаты бір — пайданы табу болғандықтан. Коммерциялық компаниялардың жалпы ортақ сипаты да ұқсас.
Коммерциялық емес ұйымдардың түпкі мақсаттары сан алуан болғандықтан, коммерциялық емес ұйымдардың заң алдындағы ұйымдастырылған сипаты да сан алуан. Мысалы мешіт пен табиғатты қорғау мекемелері заң алдында түрлі категорияға жатады.

Санат: Қаржы ғылымы нені зерттейді
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы