Медиана деген не? Медиананы табу жолы. Медиана алгебра

Медиана деген не?

Мына 1, 2, 3 сандар жиынының медианасы 2 саны болады. Медиана дегеніміз реттелген сандар жиынының ортасында орналасқан элемент. Тағы бір мысал келтірейік. 2, 4, 6, 55, 123 сандар жиынының мединасы 6 саны болады. Ал мына 2, 8, 3 жиынының медианасы қаншаға тең? Сегізге тең бе? Оны табу үшін алдымен жиынды реттеп қоямыз: 2, 3, 8. Ортасында 3 саны тұр. Сол медиана болады.

Егер санды жиынның элементтерінің саны жұп болса ортасында орналасқан екі санның орташа мәні медиана болады. Мысалы 1, 2, 4, 5 сандар жиынының ортасында екі сан бар. Ол 2 және 4. Осылардың орташа мәнің есептейік: (2+4)/2 = 3. Демек 1, 2, 4, 5 сандар жиынының медианасы 3 болады.

Медиана алгебра курсы мен математикалық статистикада оқылады. Оған қоса геометриядағы медиана да бар. Мысалы үшбұрыштың медианасын қараңыз.

Медиана санды жиынды қақ екіге бөледі. Жиынның жартысы одан кіші ал жартысы үлкен болады. Мысалы 5, 7, 8, 11, 14 жиынның медианасы 8 тең болады. Осы жиында бес элемент, сан бар. Екеуі медианадан кіші, олар 5 пен 7. Екеуі медианадан үлкен болып тұр, олар 8 бен 11. Мода сияқты медиана статистикада кең қолданылатын ұғым.

Санат: Математикалық статистика
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы