Имидж деген не?

Имидж деген не?

Имидж дегеніміз ол адамның не компанияның ел, жұрт арасындағы жалпы бейнесі, жалпы түсінігі. Мысалы атақты батырымыз Бауыржан Момыш-ұлының мінезі, ерлігі, қылығы бәріне мәлім.

Имидж деген не?

Ол ел қорғаушысы, ұлт жанашыры, бір айтса қайтпас ержүрек адам. Бауыржанның имиджі ел қамқоршысы, батыр, талайды көрген адам. Өтірікті жек көретін турашыл адам.

Имиджді құру

Бауыржан батырлық имиджге қалай ие болды? Оның себебі көп қой. Осыларды сізге теріп берейік, бабымыздың осындай құрметке қалай ие болғаның жазып береміз:

  1. Атамыз көп оқып, көп еңбектенген;
  2. Ол өзгелерге үлгі боларлық — тапқырлық, батылдық, турашылдық сияқты мінезге ие бола алды;
  3. Ел үшін жаның қыюға да даяр болды, қорықпай жауға төтеп бере алды;
  4. Ел үшін көп уайымдап, көп тірлік істеді. Мысалы жастарға арнап көп қызықты кітап жазды («Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас», «Куба әсерлері»);
  5. Соғыста ерлігімен ерекше көзге түскен;
  6. Соғыстан кейін достарын ұмытпай жүріп көбіне пәтер алып берген;
  7. Әділ болған.

Шетелде имидж құрғанда шын фактілер еске алынады. Ол жерде алдау қиын.

Маркетингтегі имидж

Имидж брендті қалыптастыруда зор рөль атқарады. Тұтынушылар қазргі заманда компания имиджіне қарап тауарды таңдайды. Мысалы Еуропада экологиялық таза өнімдерді тұтынуға бейім. Сондықтан көп компаниялар табиғатқа қамқор болуға, табиғатты қорғауға ынтық.

Санат: Маркетинг деген не
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы