Франшиза деген не? Франчайзинг деген не?

Франшиза деген не?

Әлемде ең танымал франшиза ол McDonalds деген мейрамханалар желісі. Сізде ақша мен өз ғимаратыныз бар болса осы франшизаны алып бизнес аша аласыз.

Франшиза деген не?

Макдональд компаниясымен хабарласып олардан осындай мейрамхана ашудың рұқсатын сатып аласыз. Ол компания сізге бизнеске керек заттарды сатады. Тағамдарды жасауға керек ыдыс-аяқ, қызметкерлер киетін арнайы киім, гамбург жасау үшін керек гриль және басқа жабдықтарды сатады.

Нәтижесінде сіз Макдональдс желісінің бір нүктесіне ие боласыз. Әлемде бұндайлары мыңдаған болғандықтан адамдар ол жерде не сататының және бағасы тым қымбат емес екенін біліп көп рет сатып алады. Сұраныс заңына сәйкес тауардың бағасы неғұрлым аз болса соғұрлым оны сатып алатын адамдар саны көп болады емес пе. Өз бетімен кафе ашудан гөрі осындай дайын бизнесті сатып алу дұрыс сияқты.

Сонымен франшиза дегеніміз не? Франшиза ол дайын технологияларды, бизнес моделін сатып алу. Мысалы Макдональдс не КФС сияқты бәріне таныс тамақтану брендтерін сатып алу. Сіз бренд иесіне бір реттік не ай сайынғы төлем жасай аласыз. Онысы келсімге байланысты.

Франчайзинг деген не?

Франчайзинг деген не? Франчайзинг ол франшизаның басқа атауы. Негізінен екеуі қатар қолданылады. Дамыған елдерде франшизамен жұмыс істеу жиілеп бара жатыр. Себебі жұрт ешкімге белгісіз мекемеден гөрі баршаға таныс брендтерге сенім артады.

Мысалы сіз Тайландқа жұмыс сапарымен бардыңыз делік. Сіз о жердің тамағын білмейсіз. Қайсысы дәмді? Қайсысы ашты екенің де білмейсіз. Кафе мәзірінде тайландша бірдеме жазылып тұруы мүмкін. Ол жазуды оқи алмайсыз. Және сізге қандай тағам ұсынып жатқаның да білмейсіз. Қуырылған құрбақа ма? Жылан ба? Соңдықтан таныс тағамдарды алу үшін Макдональдс не КФС сияқты жерге барып қарнынызды тоядырып аласыз. Елімізде жүріп фаст фудтты жемесеңіз жат жерде жей аласыз.

Санат: Маркетинг деген не
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы