Эмиссия деген не?

Эмиссия деген не?

Эмиссия дегеніміз ақша не басқа құнды қағаздардың қосымша көлемінің айналымға шығарылуы.

Мысалы, мемлекетке қаржы қажет болса, ақша шығаруға құқығы бар мекеме ақша шығарады да айналымға қосады. Бұнын салдарынан инфляция көрсеткіші артуы мүмкін. Сондықтан мемлекет ақша эмиссиясын жиі қолданбайды.

Компания өзінің акцияларының эмиссиясын шығара алады. Яғни биржаға қосымша акцияларды орналастыра алады.

Эмиссия не үшін қажет?

Эмиссия мемлекет не компанияға қосымша қаржы алу үшін қажет. Бұл қаржыны мемлекет өзінің социалдық міндеттерің (зейнетақыларды, жәрдемақыны т.с.с төлеу үшін) орындау үшін пайдалана алады.

Ал компания бұл қаржыға — жаңа құрал-саймандары, жұмысшыларды т.с.с жұмсай алады.

Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы