Демпинг деген не? 90 жылдардағы кризис қалай басталды

Демпинг деген не? 90 жылдардағы кризис

Тауар не қызметті жасау үшін біраз ақша шығындау керек. Мысалы бір таба нанды басу үшін 500 грамм ұн, 10 грамм тұз, 10 ашытқы және су керек. Оған қоса адам еңбегі мен энергия керек. Осыған мысалы 150 тенге жұмсау керек дейік. Шығын 150 тенге болса таба нан 200 тенгеден сатылады.

Енді пайдасын есептейік: 200 — 150 = 50 тенге. Демек әрбір таба наннан адам елу тенге пайда көреді. Нан пісіріп күн көретін кәсіпкердің дүкенінің жаңында бір үлкен супермаркет ашылсын дейік. Супермаркет иесі сатып алушыларды өзіне тарту үшін таба нанды 200 тенгемен емес, 180 не 160 тенгеге сатуы мүмкін. Тіпті таба нанды 120 не 100 деген бағамен де сатып отыруы ғажап емес. Өйткені үлкен супермаркеттің табысы зор болады емес пе? Олар пайданы басқа тауарларды сатып көреді. Супермаркеттің табысы мол болғандықтан ол осы шығынды елемейді. Ал жаңағы нан пісіруші кәсібін жабады. Себебі ол нанды 100 тенгемен сатса зор шығынға батады. Ол ірі супермаркетке қарсы тұра алмайды.

Супермаркет бәсекелесінен құтылғаннан кейін таба нанды 250 тенгеге де сата алады. Яғни бастапқыда көрген шығының толығымен толтыра алады. Мол пайдаға кенеледі.

Осыны демпинг дейді. Демпинг деген не? Демпинг тауар не қызметті өзіндік құнынан төмен сату. Демпингті бәсекелестерінен құтылу үшін жасайды. Бәсекелестерінен құтылып тауар бағасын қайта көтеріп пайдаға малыну үшін жасалады.

90 жылдардағы кризис

Баяғыда Кеңес Одағы деген ірі мемлекет бар еді. Ерекше қуатты, ерекше бай мемлекет болған. Әлемде Америкаға ғана Жалпы Ішкі Өнім бойынша дес берген бай ел едік. Осы Кеңес Одағының құрамына Қазақстан да енетін. Қазақстанды басқарған дана көсем Дінмұхамед Қонаевтың арқасында талай қалалар, талай ауылдар мен облыстар бой көтерді. Қазақстанда мыңдаған ірі, әлемдік деңгейдегі зауыттар бар еді.

Кейін Кеңес Одағы ыдырап республикалар тәуелсіздікке ие бола бастады. Соның ішінде Қазақстан Республикасы да бар еді. Кеңес Одағы құлағаннан кейін талай зауыттар мен фабрикалар қалды. Олар неше түрлі халыққа қажет тауарларды өндіріп отырды. Мысалы тіс ұнтағы, сабын, иіс су, әтір, маталардың неше мың түрі, кір жуу ұнтағы және басқа тауарлар.

Тәуелсіздікке ие болсақ та бай бола алмадық. Елде талай зауыттар мен фабрикалар жабыла бастады. Себебі әлемдік деңгейдегі брендтер келіп тауарларды арзан бағамен сата бастады. Кейбірі тіпті өзіндік құнынан да арзан бағамен сатты. Жергілікті компаниялар бұған төтеп бере алмай біртіндеп жабыла бастады. Бәсекелестерінен құтылғаннан кейін халықаралық брендтер бізге әкелетін тауарлардың құның бірте бірте арттыра бастады. Ал сапасын төмендей бастады.

Не істеу керек еді?

Алдымен ішкі нарықты қорғау үшін кеден салығын арттыру керек еді. Оған қоса тенге курсын мейлінше төмен ұстап қалу керек еді. Жергілікті компанияларды қолдау шараларын ұйымдастыру жолдарын ойластыру керек еді. Мысалы бос жатқан ғимараттарды тегін беріп я тауарын тасымалдауға көмектесіп дегендей шараларды қолдану керек еді.

Көршілес қытайлар сияқты. Олар да коммунист еді, олар да сол сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдарының басында нарықтық қатынастарға көше бастады. Биліктегі президенттер тым болмаса көршілес қытайлықтардан үлгі алуға тиісті еді.

Бірақ былай болмады. Баяғы Кеңес Одағының республикаларының барлық басшылары дерлік елді ойлаудан гөрі өзінің диктатураларын құрумен әлек болды. Елді ойламай кітап жазумен, жалған сайлау ұйымдастырумен шұғылданды.

Латвия, Эстония, Литва сияқты елдер ішкі өнеркәсіпті қолдап. Демократиялық жолды таңдап ерекше тез дамып жатыр. Рас Еуропаға жақын болғандықтан жолы оңай болды деп кейбір адам айту мүмкін. Бірақ Молдова, Белоруссия мен Украйна да Еуропаға жақын орналасқан ғой. Ресейдің өзі де Еуропада емес пе?

Қазір ше?

Қазір болса шекараны ашу керек (сақтайтын зауыттар мен фабрикалар баяғыда банкрот болып, жабылып кеткен). Шетелдің дамыған банктеріне жол ашып елге пайыздық мөлшерлемесі аз несиелерді беру керек. Елге қол жетімді несие беру керек. Кәсіпкерлерге жеңіл несие берілсе ел тез дамып кетеді.

Еліміз қайтадан бай қуатты бола қалады. Себебі Қазақстан пайдалы қазбаларға ғана емес сонымен қатар дарынды жастарға бай. Бабаларымыз ұлы болса соның қаны біздің бойымызда.

Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы