Динозаурлар қалай жоқ болды?

Динозаурлар

Динозаурлар 225-65 миллион жыл бұрын жер бетінде өмір сүрді. Динозаурлар қазіргі піл, түйе сияқты ірі жануарлардан едауір ірірек болған, мысалы диплодок деген динозаурдың ұзындығы 35 метр ал салмағы 80 тонна болған (пілдің салмағы 6 тонна)!

Адам мен диплодоктың өлшемдерінің арақатынасың көрсететің сурет: Диплодок

Динозаурлар қалайша жоқ болды?

Динозаурлардың үстемдігіне қауіп төндіретің бірде-бір жануар болмады, бұндай алыптарға кім қарсы тұра алар еді? Сондықтан динозаурлар жер бетінің «қожайындары» сияқты миллиондаған жылдар бойы жануарлардын қалған түрлерінен үстем болды, бірақ… 65 миллион жыл бұрын, қазіргі Мексика аумағына ғарыштан алып астероид құлады да, жер беті тұтанды:

Динозаурлардың жойылуы

Астероидың диаметрі 10 км, ал соққының қуаттығы атом бомбасының жарылысынан миллиондаған рет артқан. Бүткіл жер бетін от пен шаң тозан басты, динозаурлардың жағдайы нашарлады.

Қасиетті Құранда жазылғандай:

«Қиямет уақиғасы болған кезде,

Оның болуын өтірік деуші болмас.

Ол төмендетеді, жоғарлатады.

Сол уақытта жер тұтас сілкіндіріледі.

Таулар мүлде үгітіледі.

Ұшқан тозандай болады.»

Уақиға сүресі.

Осы оқиғадан кейін (астероидтың жерге құлауынан), динозаурлар жойылды. Миллиондаған жылдар бойы дамуы, өзара бақталастық жарыс, бір сәттте пайдасыз және мағынасыз боп шықты! Қай оқиғадан?

Жер бетіне 65 миллион жыл бұрын құлаған астероид оқиғасынан кейін.

Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы