Амортизация деген не?

Амортизация деген не?

Тауарды өндіру үшін шикізат, жұмыс күші, ғимарат, жарнама қажет. Мысалы бір бургерді жасау үшін бәленбай грамм ет, осынша ұн дегендей азық керек. Осының бағасы бургердің құнына қосылады. Бір рет бургерді жасау үшін жұмсалған еттін құны бургердің бағасына енеді. Мысалы бір бургерді жасау үшін 700 тенгеге азық жұмсалса бургер бағасы 1200 тенге болуы мүмкін. 700 тенге бургер бағасына енді.

Ал ғимарат ше? Ғимарат мындаған рет бургерді жасауға пайдаланады. Он жыл, жиырма жыл бойы бір ғимаратты пайдалануға болады. Ғимараттың сатып алған бағасы 15 миллион болсын және жылына 50000 бургер сатылсын. Ғимарат жиырма жыл пайдаланады деп есептесек бір бургердің құнына осыншама ғимарат «шығының» қосу керек:

15 000 000/(20*50 000) = 15 тенге.

Демек бір бургер жасағанда ғимаратты орта есеппен 15 тенгеге «жұмсау» керек. Осыны амортизация деп атайды. Амортизация дегеніміз тауар не қызмет құнына ғимарат пен негізгі қорларды қосу. Негізгі қор дегеніміз тауар жасауға керек заттар. Мысалы бургерді дайындау үшін керек ыдыс-аяқ, тоңазытқыш, пеш және басқалары. Көп мәрте рет пайдаланатын заттар.

Амортизация ұғымы бухгалтерлік есеп пен қаржы саласында көп пайдаланады. Мысалы компаниялардың корпоративтік қаржысында.

Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы