Дефляция деген не

Дефляция деген не

Дефляция дегеніміз экономикадағы бар тауарлар мен қызметтердің бағаларының арзандауы.

Мысалы, бірінші жылы — май 1500 тенге, сүт 250 тенге, ет 1200 тенге, екінші жылы — май 1400 тенге, сүт 230 тенге, ет 1100 тенге болса, онда дефляция пайда болды делінеді.

Қазіргі Қазақстанда дефляция емес инфляция басым, инфляция дегеніміз тауарлар мен қызметтердің қымбаттауы. Инфляция дефляцияға кері құбылыс.

Дефляцияның негізгі себептері

Айналымдағы ақшаның көлемінің азаюы дефляцияны туындатады. Неғұрлым ақша массасы аз болса, соғұрлым осы ақшаның құндылығы артады, яғни дефляция пайда болады.

Экономикадағы еңбек өнімділігі артқанда, тауарлар мен қызметтер аз шығынмен өндіріледі. Бұнын салдарынан тауарлар мен қызметтердің бағалары азаяды.

Жұмыссыздықтын артуы салдарынан елде қаржы болмайды, ақшасы жоқ адамдар не сатып алады? Сатушылар осыны ескеріп өз тауарларын арзандатады. Яғни дефляция пайда болады.

Санат: Экономикалық теория курсы
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы