Корпоративтік қаржы

Корпоративтік қаржы

Компаниялар шикізатты сатып алады, кейін бұл шикізатты өндеп тауарларды өндіреді, тауарларды сатып пайда табады. Кейін қайтадан шикізатты сатып алады да қайтадан тауарларды өндіріп, қайтадан пайда табады. Бұл қаржылық операциялар компанияның пайдасын арттыруға бағытталған.

Корпоративтік қаржы пайданы табу және жұмсаумен байланысты қаржы қатынастары. Корпоративтік қаржының негізгі мақсаты компанияларды қаржымен қамтамассыз ету.

Компанияның қаржысы мынандай жағдайларда қалыптасады:

1) Компанияның алғашқы қаржылық ресурстарын қалыптастыру кезінде. Компанияны ашқандар осы қаржылық ресурстарды береді.

2) Компанияны ашқандағы заң бойынша қажетті төлемдерді мемлекетке төлегенде (рәсімдеуге және кейбір салаларда қосымша жарнаны беруге).

3) Компанияны сақтандыру кезінде.

4) Компанияны ашу үшін алынған кредиттерді төлеу үшін.

5) Жұмысшыларға жалақы төлегенде.

Компания мынандай принциптерге негізделініп ашылады:

Қаржылық тәуелсіз болу, компания өз қаржысын өз еркімен жұмсайды. Шикізатты сатып алу, жалақыны төлеу, кредитті алу тағы сол сияқты қаржылық операцияларды өз еркімен орындайды.

Пайда табу, компанияны пайда табу үшін ашады. Ешкім өз еркімен пайдасы жоқ компанияны ашпайды. Кәсіпкерлер компанияны ашқанда, болашақта пәлембай пайда табамыз деп өз қаржысын компанияны ашуға жұмсайды.

Қаржылық жауапкерлікті болу, мекеме — мемлекетке салық, жұмысшыларға жалақы, шикізатқа төлеу тағы сол сияқты міндеттемелерді төлеуі тиіс.

Ұлық алдында жауапты болу. Компаниялар мемлекеттік ұйымдар алдында жауапты болады (салықты төлеу, жұмысшылардың құқықтарың сақтау, тауарлардың сапалы болуы тағы сол сияқты).

Қаржылық тұрақты болуы. Компания өз міндеттерің тұрақты орындау үшін, компанияның қоры бар болуы тиіс. Бұл қор компанияларда алдын ала белгілі болмаған шығындарды төлеуге жұмсалуы мүмкін.

Инвестициялық тартымды болуы. Компания кредитті аз пайызбен алуы үшін, компанияның қаржылық көрсеткіштері жақсы болуы тиіс.

Компанияның қаржысы мынандай факторларға негізделеді:

1. Компанияның түпкі мақсаты.

2. Компанияның түрі.

3. Компанияның жұмыс істеу аясы.

Пайданы табу мақсатымен құрылған компаниялар коммерциялық компаниялар деп аталады. Коммерциялық компанияның пайдасы оның қожайындары арасында бөлінеді.

Қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтерді, халыққа игілік жасау мақсатымен құралған компаниялар коммерциялық емес компаниялар деп аталады.

Мұндай компаниялардың мысалы ретінде қайырымдық мекемелері бола алады. Қайырымдық мекемелерінің негізгі мақсаты кедейлер мен ауыруларға көмек көрсету, пайданы көбірек табу емес.

Коммерциялық және коммерциялық емес компаниялар заңды рәсімделуі тиіс.

Компания құрылған кезде, осы компанияның негізін қалаушылар, компанияның атына қаражатты аударады. Бұл қаржы компанияның жарғылық капиталы деп аталады.

Санат: Қаржы ғылымы нені зерттейді
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы