Облигация дегеніміз не

Облигация дегеніміз не

Облигация дегеніміз эмитентпен (қағазды шығарушы компания не мемлекет), болашақта, облигация иесіне төленуге тиісті ақша соммасын рәсімдейтің құнды қағаз. Яғни облигация дегеніміз қарызға ақша алудын бір жолы.

Облигацияның купоны

Облигацияның пайыздық мөлшерлемесі бар болады. Жыл сайын (не басқа мерзімде) эмитент облигация құнының белгілі бір пайыздық мөлшерің облигация иелеріне төлеуге тиісті болады. Бұл төлем купон деп аталады.

Облигацияларды мемлекеттер шығарады, мемлекетке ақша қажет болғанда облигацияны шығарып халықтан ақша жинайды, кейін жағдай жақсарғанда осы облигацияларды сатып алады да ақшаны қайтарады. Халық облигацияны сатып алып ұстағаны үшін қосымша пайыздық пайда табады.

Облигацияның шығарылу мерзімі

Облигациялар қысқа, орта және ұзақ мерзімге шығарылады. Осы уақыт аралықтарының ұзақтығы әрбір мемлекетте әртүрлі.

Облигация мен кредиттің айырмашылығы неде?

Компания банктен несие алса, компания банкіге қарыздар болады. Компания облигация шығарса, компания облигацияны сатып алушыларға қарыздар болады.

Санат: Қаржы ғылымы нені зерттейді
Автор: Жандос Алпысбай-ұлы